Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдердің саясаттағы үлесі 104-орынға көтерілді

Әйелдердің саясаттағы үлесі 104-орынға көтерілді

Қазақстандағы саяси паритетті бағалау мүмкін болған 100 балдан 22 балды құрады. Мемлекетке берілуі мүмкін ең төменгі баға – 0, ең үлкені –100 (бұл елдегі саяси маңызды лауазымдардың кем дегенде 50 пайызын әйелдер алады деген сөз). Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Ескеретін жәйт, саяси тепе-теңдікті бағалау кезінде әйелдердің билікке ықпал етуі немесе саяси қалауы емес, тек сандық қатысуы, яғни билікте болуы ғана ескерілді.
Барлық қатысушы елдер арасында тек 21-і осы жылдың басында 50 және одан да көп ұпай жинады. Сондай-ақ, қарастырылып отырған 22 елде жылдың басында мемлекет немесе парламент басшысы әйел адам болған. Анықтама үшін: 1946 жылдан бергі кезеңде рейтингке қатысушы барлық елдердің тек 68-інде ғана әйелдер мемлекет немесе үкімет басында болды.
Рейтингті Коста-Рика, Руанда, Исландия, Швеция және Финляндия мемлекеттері бастап тұр. ЕАЭО елдері арасында Қазақстан Беларуське ғана жол берді (әлемде 49-орын, ұпай – 38), сонымен қатар елдің позициясы Армения, Қырғызстан және Ресейге қарағанда жоғары болып шықты.
Рейтинг деректеріне сәйкес, елімізде министрлік лауазымдарды атқаратын адамдар арасында әйелдердің үлесі тек 10 пайызды, Ұлттық заң шығару органдарының төменгі және жоғарғы палаталарында – 24 пайызды, жергілікті атқарушы органда – 22 пайызды құрады.
Ағымдағы жылдың сәуір айының басында еліміздің 17 облыс әкімдерінің арасында тек Қызылорда облысын әйел басқарады. 17 министрліктің ішінде тек Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігіне әйелдер басшылық етеді.
Жалпы, 2020 жылдың төртінші тоқсанында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру саласында 491,5 мың адам жұмыс істеді – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,1 пайызға көп. Оның ішінде әйелдердің үлесі бар-жоғы 39,6 пайызды немесе 194,7 мың адамды құрады. Демек, жылына 4 пайыз қосылды деген сөз. Салыстыру үшін: 2019 жылдың төртінші тоқсанында бұл салада 187,2 мың әйел жұмыс істеді.
Соңғы деректер бойынша (2019 жылы) ел бойынша басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі орта есеппен 43 пайызды құрады. Еліміздің 17 өңірінің ішінде басшы әйелдердің үлесі елордада ғана 50 пайыздан асты. Үштік өңірге Алматы мен Павлодар облысы да кірді. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің ең аз үлесі Ақтөбе облысында. Онда барлығы 27,3 пайыз әйел лауазымды қызметте.
07 сәуір 2021 ж. 2 507 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 64

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 55

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930