Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Skills Enbek: жыл басынан бері 9,9 мың жұмыссыз онлайн білім алды

Skills Enbek: жыл басынан бері 9,9 мың жұмыссыз онлайн білім алды

2026 жылдың басынан бері 27,5 мың азамат, оның ішінде 9,9 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі — Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Фото:
freepik.com
Платформада барлығы 1,2 млн-нан астам қазақстандық, оның 44,7 мыңы — ағымдағы жылда тіркелді. Бұл ретте Платформа жұмысының барлық кезеңінде 1,1 мың адам оқудан өтті.

— Оқуды аяқтаған 9,9 мың жұмыссыз азаматтың 2,4 мыңы — жастар (16–35 жас аралығы). Оқытылғандар негізінен Шымкент қаласынан (1 778 адам), Ақтөбе облысынан (1 359 адам) Туркестан облысынан (1 088 адам), Қарағанды облысынан (911 адам) болды. Бүгінгі таңда Платформада авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 570 курс жариялады, оның 385-і — тегін. Сондай-ақ, одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар. Курстардың ұзақтығы 2-дан 72 сағатқа дейін, — делінген хабарламада.

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т. б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді. 2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында сертификаттардың ең көп саны мына курстар бойынша берілді: «Кассир» (2 561 сертификат), «Курс по финансовой грамотности» (1 369 сертификат), «Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении» (787 сертификат), «Введение в социальную работу» (216 сертификат).

Бұрын хабарлағандай, платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс — қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдап, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін мынадай артықшылықтар бар: кеңейтілген курстарды іздеу мүмкіндігі, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылай алу және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесе алу. Пайдаланушыларға жасанды интеллект негізіндегі чат-бот қолжетімді, ол қажетті ақпаратты жылдам іздеуге және сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеруі туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты — білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарын ұсыну функциясы қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушының түйіндемесінде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада оқуды сәтті аяқтаған сертификат иелерін көре алады.

Платформада онлайн курстарды авторлар мен әзірлеушілер тегін орналастырады. Курстарды мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге болады, ақпарат әртүрлі форматта: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа да әдістермен берілуі тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастыру, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттарды түрлі дизайнда жасау, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькуляторды қолдану мүмкіндіктері қарастырылған.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуге болатынын естеріңізге сала кетейік. Қосымшаны Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеп алуға болады.

Осыған дейін ауылдардағы жұмыссыздар саны қанша екенін жазғанбыз.

05 наурыз 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031