Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар қандай онлайн курстар оқып жүр?

Қазақстандықтар қандай онлайн курстар оқып жүр?

345 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыған.
Фото:
iStock
2025 жылдың басынан бері 345,8 мың азамат, оның ішінде 49 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн курстардан өткені туралы сертификаттар алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Платформада барлығы 839,7 мың қазақстандық тіркелген, оның 353,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 718,6 мың адам оқудан өтті.
Оқуды аяқтаған 49 мың жұмыссыз азаматтың шамамен 14 мыңға жуығы негізінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстарынан (16-35 жас аралығындағы) жастар болды.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-нан астам курс жариялады, оның 375-і тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы – 1-ден 72 сағатқа дейін.
Қыркүйек айындағы ең танымал курстар: «IT и телекоммуникации», «Повар-кондитер», «Сенің мансаптық бастамаң: «Электронды еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады», «Управление персоналом», «Пішу және тігу».

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электронды еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.
Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қолжетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады.
08 қазан 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031