Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы министрлігі салықты кепілсіз бөліп төлеуге рұқсат бермек

Қаржы министрлігі салықты кепілсіз бөліп төлеуге рұқсат бермек

Фото: freepik.com
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржылық қиын жағдайға тап болған тұлғаларға салықты кепілсіз бөліп төлеу рәсімін жеңілдететін жоба әзірледі.
Жобадағы басты жаңалық 1500 АЕК-ке дейінгі (2026 жылы 6 487 500 теңге) салықтық береше бойынша мүлік кепілі мен банктік кепілдік талаптарын алып тастау болмақ.
Құжатта жоба «салықтық берешегі бар және уақытша қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатқан салық төлеушілерді» қолдауға бағытталғаны айтылған.
Бұған дейін салықты бөліп төлеу рәсімі салықтық әкімшілендірудегі ең күрделі процестердің бірі саналып келген. Көп жағдайда кепілді бағалау мен сақтандыру шығындары өсімпұлмен шамалас болатын, сондықтан бұл құрал шағын компаниялар үшін тиімсіз болды.
Бұйрық жобасы 19 наурызға дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
05 наурыз 2026 ж. 240 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31