Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мектептерінде отбасылық дәстүрлерді насихаттайтын сабақ өтеді

Қазақстан мектептерінде отбасылық дәстүрлерді насихаттайтын сабақ өтеді

Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған
Қазақстан мектептерінде отбасылық дәстүрлерді насихаттайтын және ұрпақтар сабақтастығын нығайтатын сабақ өтеді.
Әңгіме жүйелі жұмыс жасайтын «Даналық мектебі» отбасылық тәрбие клубтары туралы болып отыр.  
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, «Даналық мектебі» клубы отбасы мен мектеп серіктестігін нығайтады.
«Клуб отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға және ұлттық тәрбие құндылықтарын сақтауға бағытталған алаң ретінде қызмет етеді», – делінген ақпаратта.
Клуб жұмысы аясында «Әке өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы» бағыттары бойынша кездесулер, тренингтер және тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.
«2025-2026 оқу жылының басынан бері клуб аясында шамамен 33 мың іс-шара ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында сабақтардың мазмұны заманауи тәрбиелік міндеттерді ескере отырып жаңартылды», – делінген министрлік мәліметінде.
Мұның алдында қазақстандық оқушылар республикалық ғылыми жобалар конкурсына мыңға жуық жоба ұсынатыны хабарланды.
04 наурыз 2026 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930