Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қаржы аударды ма?

Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қаржы аударды ма?

Фото: Ақорда
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне мүше болу үшін қанша қаржы аударғаны туралы сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, Қазақстан бастама аясында Газа секторына жан-жақты көмек көрсетеді және оның басым бөлігі гуманитарлық сипатта болады.
«Біріншіден, біз әлі ештеңе аударған жоқпыз. Біз дала госпитальдарымен қоса медицина қызметкерлерін жіберуге және студенттерге білім алу үшін гранттар ұсынуға дайынбыз. Азық-түлік түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге немесе өнім жеткізуге дайынбыз. Яғни көмектің басым бөлігі осылай көрсетіледі. Ол да бағалануы мүмкін, түсінесіздер ме? Бұл жан-жақты көмек, оның басым бөлігі гуманитарлық сипатта болады» – деді Жұманғарин.
Бұған дейін Бейбітшілік кеңесі мүшелері Газа секторы тұрғындарына көмектесу үшін 7 млрд доллар бөлетіні туралы ақпарат тараған еді. Алайда Жұманғариннің сөзінше, бұл мәселе үкімет деңгейінде әлі талқыланбаған.
04 наурыз 2026 ж. 147 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31