Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар көмекті аударды
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Палестинаға 1 млн АҚШ доллар гуманитарлық көмектің аударылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске сала кетсек, Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады.
Бұл шешімді Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммиті барысында Қазақстан президенті жариялады. Қазақстан үкіметі бөлген қаражат БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым Палестина халқына жеті онжылдық бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді. Айта кететін жайт, гуманитарлық қызмет еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағытының бірі. Бейбіт саясат пен әділдік қағидаттарын ұстанатын Қазақстан әрдайым қиын гуманитарлық жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады, - деді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, Газа секторында Қазақстанның 76 азаматы бар екенін, ел азаматтары неге келе алмай отырғанын айтқан болатын.