Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМ ТАНЫҒАН СЫР ПЕРЗЕНТІ

ӘЛЕМ ТАНЫҒАН СЫР ПЕРЗЕНТІ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қызылорда облысының құрметті азаматы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев 70 жасқа толды.
Асқар ағамыздың өз саласында ашқан жаңалықтары әлемдік ғылыми қауымдастықтан жоғары баға алған. Ғылым жолындағы еңбектері мен жетістіктері арқылы қазақтың зияткер, білімді ұлт екенін дүние жүзіне танытқан.
Жерлестері «Төрткен» және «Төртқара» алгебрасын ойлап тауып, ғылымға қазақша атау енгізген тұңғыш қазақ ғалымын, Сыр перзентін мақтаныш тұтамыз.
Ол жас ұрпаққа математиканың қыр-сырын үйреткен жарты ғасырға жуық уақытта педагогикалық ізденісін ғылыммен шебер ұштастырды. Еуропаның беделді ғылыми орталықтарында дәріс оқуы осы ой еңбегінің жемісі болатын.
Шиелі топырағынан түлеп ұшып, республикалық физика-математика мектебін, Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген ағамыз өнегелі өмір жолында парасат пен пайымның, еңбекқорлық пен ұлтжандылықтың шынайы үлгісін көрсетіп келеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері жауапты қызметтерде шыңдалып, ғылым мен мемлекеттік басқару ісін қатар тізгіндеген кемел тұлғаның өмір жолы – бүгінгі буын үшін үлкен мектеп.
Оның авторлық еңбектері еліміздің білім мен ғылым саласының әлеуетін арттырып, жастарға жол көрсетер құнды дүниеге айналды.
Былтыр Асқар ағамыздың туған жері Қызылордада физика-математика мектеп-интернаты ашылып, алғашқы шәкірттерін қабылдады. Болашақта осы білім ордасынан академиктің жолын қуған, нақты ғылымның шамшырағын жаққан математиктер шығатынына сеніміміз мол.
Еліміздегі ғылым мен білім саласының әлеуетін арттыруға саналы ғұмырын арнаған Асқар Серқұлұлын барша жерлестерінің атынан мерейтойымен құттықтаймыз.
Мерейлі күнде ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке тілейміз.
Жаңа бастамаларды жүзеге асыратын, ғибратты жолды жалғайтын жас ғалымдарды тәрбиелеудегі адал еңбегіңіз табысты болғай!
Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ,
Қызылорда облысының әкімі 
26 ақпан 2026 ж. 123 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930