Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

«КӨКТЕМ-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

25-27 ақпан аралығында облыс аумағында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Астана қаласында өтсе, облыстық штаб және практикалық кезеңі Қызылорда қаласында өткізіледі. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.
- Алдағы кешенді оқу-жаттығудың басты мақсаты – азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру. Бұл шара барысында күштер мен құралдардың өзара үйлесімді жұмысы, жедел әрекет ету мүмкіндігі және материалдық-техникалық дайындығы жан-жақты тексеріледі. Оқу-жаттығу практикалық тапсырмалармен ұштасып, бөлімшелердің нақты жағдайда әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған. Нәтижесінде жауапты қызметтердің дайындық деңгейі бағаланып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданады. 25 ақпанда Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің күштер мен құралдарына саптық қарау жүргізіледі. Ал 26 ақпанда Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде практикалық іс-шаралар пысықталатын болады. Департаменттің Дағдарыс орталығында командалық штабтық ойындары мен қорытынды жиналыс 27 ақпанға жоспарларған,- деді Бекболат Қайырбекұлы.
26 ақпан 2026 ж. 164 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930