Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалықтар жалпыұлттық патриоттық диктант жазды

Қызылордалықтар жалпыұлттық патриоттық диктант жазды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін елдің ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
Диктант Қызылордада Достық үйінде үстіміздегі жылдың 4 мамырында сағат 10:00-де басталды.
Аталған шараға 30-дан астам этномәдени бірлестіктердің, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері қатысты.
Жалпыұлттық диктант этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту мақсатын көздейді. Айта кету керек, комиссия құрамында облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары болып, қатысушылардың сауаттылығын бағалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деген болатын. Бүгінгі өткен диктанттың міндеті де осы. Қазақстан халқын топтастырушы фактор ретінде мемлекеттік тілдің рөлін нығайту.
Сыр жастары диктант жазды
Сынымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен мамыр айының атаулы мерекелері қарсаңында өткен «Еркін ел ұрпағы» тақырыбындағы жалпыұлттық патриоттық диктант жазуда Сыр жастары да белсенділік танытты.
Ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық салт-сананы бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі шараның басты мақсаты. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуге үндейтін шарада қатысушылар өз білім деңгейлерін және қаншалықты сауатты жазатындықтарын тексеруге мүмкіндік алмақ.
Аталмыш шараға барша Сыр жастары да асқан қызығушылықпен қатысуда. Тіл тазалығы мен қазақы құндылықтар ерекше сақталған аймақта жастардың мұндай бастамасы көпке үлгі болары анық. Себебі сол арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңейіп, оның қоғамдық маңызы арта түспек.
Диктант мәтіні – 141 сөзден тұрады. Диктантқа онлайн, офлайн қатысуға мүмкіндік бар. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған.
04 мамыр 2023 ж. 529 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930