Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік форум өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік форум өтті

9 желтоқсан – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күн аясында бүгін өңірде құқықтық сана мен мәдениетті көтеруге, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және әділдік принциптерін кеңінен қалыптастыруға бағытталған «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ДАМУДЫҢ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ КЕПІЛІ» атты кең көлемді форум өткізілді. Жиынға мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, түрлі саланың білікті мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ақпарат құралдарының өкілдері, полиция қызметкерлері белсенді жастар және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Форумның алғы сөзін облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы заң үстемдігін нығайту бағытындағы бірлескен бастамалардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев, «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев сөз алып, форумның маңыздылығына тоқталды.

Форум барысында қатысушылар құқықтық ортадағы өзекті мәселелер мен оларды шешудің тиімді тетіктерін талқылады. Спикерлер заң талаптарының бұлжымай орындалуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, басқару жүйесіндегі ашықтық пен әділдік қағидаттарын күшейту жөніндегі басым бағыттарды атап өтті.

Спикерлер қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік қызметтің этикалық нормаларын жетілдіру, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қозғалып, тәжірибелік ұсыныстар айтылды.

Іс-шара соңында заң мен тәртіпті нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру бағытында жыл бойы тиянақты еңбек етіп, қоғам игілігіне үлес қосқан бірқатар азаматтар облыс әкімі орынбасарының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Форум құқықтық тәртіпті нығайтуға, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын кеңінен насихаттауға арналған ашық әрі тиімді диалог алаңы ретінде бағаланды.
10 желтоқсан 2025 ж. 127 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031