Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әл-ауқатты арттыру – басты бағыт

Әл-ауқатты арттыру – басты бағыт

Экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру – әр өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстарды пысықтау және алдағы кезеңнің басымдықтарын белгілеу мақсатында аудан әкімдігінде кезекті аппарат мәжілісі өтті.
2025 жылдың 12 айымен өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 32 миллиард 825 миллион теңге (112,3 %) болса, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 28 миллиард 863 миллион теңгеге (112,8 %) орындалған. Өткен жылдың қорытындысымен негізгі капиталға 29 миллиард 281 миллион теңге инвестиция тартылып, өсім 5,2 пайызды құрады. Аудан көлемінде 20 миллиард 726 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, 145 пайызды құраған. 67 мың 93 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Жиында аудан басшысы 2025 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша өсім қамтамасыз етілгенін атап өтіп, алдағы кезеңде экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту керектігін айтты.
Атап айтқанда, 2026-2028 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын және орта кәсіпкерліктің белсенділігін арттыру, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау тетіктеріне кеңінен тарту қажеттігі айтылды. Бұдан бөлек, ауылдық округтер бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің азаю себептері талқыланып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру, әлеуметтік дүкендер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру, өндіріс көлемдері бойынша есептіліктің уақытылы әрі дұрыс тапсырылуын қамтамасыз ету мәселелері де күн тәртібінен түскен жоқ. Аудан әкімі «Ауыл аманаты» жобасы аясында қаржыландырылатын бастамаларға өндірістік бағыттағы жобаларды басымдықпен қолдау қажеттігі айтып, жобалардың тиімді әрі уақтылы іске асуы қатаң бақылауға алынатынын ескертті. Құрылыс, тұрғын үй, газдандыру, жол инфрақұрылымы және әлеуметтік нысандарды салу бағытында да барлық нысандардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қамтамасыз етуді жауаптыларға қатаң тапсырды.
Мәжілістің күн тәртібінде салық базасын ұлғайту мәселесі кеңінен талқыланды. Бұл бойынша аудан басшысы 2026 жылға аудан бюджетінің кірістер жоспарын орындау, салық берешектерін өндіру, көлеңкелі экономиканың алдын алу, заңсыз кәсіпкерлікпен және тіркелмеген еңбек қатынастарымен күрес жүргізу бойынша тиісті сала басшылары мен осы бағытта құрылған арнайы жұмысшы топтарға нақты міндеттер қойды.
Жиында әлеуметтік саланы цифрландыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тартылмаған тұрғындар санын азайту, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылау және елді мекендердегі санитарлық тазалықты күшейту мәселелері бойынша барлық сала басшылары мен кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар беріп, әрбір тапсырманың сапалы орындалуы қатаң бақылауда болатынын ескертті.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
21 ақпан 2026 ж. 18 0

Алпамыс баба ғибраты

21 ақпан 2026 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728