Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмыссыздар саны төмендеді

Қазақстанда жұмыссыздар саны төмендеді

Фото: Жасанды интеллектБұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда ресми тіркелген жұмыссыздар саны ең төменгі деңгейге — 445,7 мың адамға дейін төмендеді, деп хабарлайды Ranking.kz.
Бұл – өткен жылдың төртінші тоқсанындағы Ұлттық статистика бюросының дерегі. Жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың соңғы тоқсанындағыдай 4,6% шамасында сақталды.
Жарнама2025 жылдың қазан-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі ең жоғары өңір – Маңғыстау облысы (5%). Сондай-ақ Атырау және Павлодар облыстарында да жұмыссыздық жоғары – 4,9%. Ал Жамбыл облысы, Ақтөбе облысы, Абай облысы және Жетісу облысында көрсеткіш орташа деңгейден жоғары (4,7-4,8%).
Өткен жылдың соңында жұмыссыздықтың ең төмен деңгейі Қарағанды (4%), Ұлытау (4,1%) және Солтүстік Қазақстан (4,4%) облыстарында, сондай-ақ Астанада (4,3%) тіркелді.
Қазақстандағы жұмыссыздардың жартысынан көбі – орта жастағы 35-тен 44 жасқа дейінгі адамдар. 2025 жылдың қазан-желтоқсан айларында жұмыссыздар арасында зейнеткерлік жасқа дейінгі қазақстандықтардың үлесі де айтарлықтай жоғары болды: 19,7%.
Былтыр қазан-желтоқсан айларында жұмыссыздардың 14,4%-і отбасылық жағдайға байланысты, 4,5%-і денсаулығына байланысты жұмыс істемесе, 9,1%-і үй шаруашылығымен айналысуды жөн көрген.
20 ақпан 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728