Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлемнің үздік ондығына енді

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлемнің үздік ондығына енді

Қорытынды кестеде 10-орынға көтерілді.
Фото: Getty ImagesФото: Getty Images

Қазақстан құрамасының әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан үздігі Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
 
Қысқа бағдарламадан кейін 19 жастағы спортшы 12-орынға табан тіреген. Ал еркін бағдарламада нәтижесін жақсартып, қорытынды кестеде 10-орынға көтерілді.
Самоделкина өнер көрсету барысында секіруден барлық элементті мінсіз орындады. Мәнерлеп сырғанаушы 138,99 ұпай жинады, бұл оның ең жоғарғы нәтижесі. Самоделкина жалпы 207,46 ұпайға ие болып, жеке рекорд орнатты.
2026 жылғы Олимпиада – Самоделкинаның дебюті. Ол – Қазақстан құрамасының әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан тарихтағы ең жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшысы. Бұған дейінгі ең жоғары нәтиже Элизабет Тұрсынбаеваға тиесілі. Ол 2018 жылғы Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында 12-орынға табан тіреген болатын.
Миланда 20 жастағы америкалық Алиса Лю жеңіске жетіп (226,79), екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Ол бұған дейін командалық жарыста алтын медаль жеңіп алған еді.
Жапондық Каори Сакамото (224.90) күміс медаль иегері атанды. Ол осы Олимпиададан кейін спорттан кетуді жоспарлап отыр. 25 жастағы спортшының қоржынында сонымен Олимпиаданың үш күміс және бір қола медалі бар.
Тағы бір жапондық мәнерлеп сырғанаушы 17 жастағы Ами Накаи (219.16) тұңғыш рет Олимпиада ойындарының тұғырына көтерілді. Екі бағдарламада да ол үштік аксель – ультра-си элементін, яғни, ең қиын элементтердің бірін орындады.

20 ақпан 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728