Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада-2026: Софья Самоделкина елдік көрсеткішті көтерді

Олимпиада-2026: Софья Самоделкина елдік көрсеткішті көтерді

coverФото: ҰОК
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жеке мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.      
Мұз айдынына 13-болып шыққан отандасымыз еркін бағдарламасын сәтті орындап, 138.99 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша ол 207.46 ұпай еншілеп, жалпы есепте 10-сатыға тұрақтады. Бұл — оның спорттық жолындағы жаңа жеке рекорды.
Бұған дейінгі ең жоғары нәтижесін Софья 2021 жылы тіркеген еді (205.67 ұпай).
Сонымен жүлдегерлер реті келесідей:
Бірінші орын — Алиса Лю (АҚШ) — 226.79 ұпай (жеке рекорды)
Екінші орын — Каори Сакамото (Жапония) — 224.90 ұпай
Үшінші орын — Ами Накаи (Жапония) — 219.16 ұпай
Ал біздің спортшы Софья Самоделкина 207.46 ұпаймен 10-орынға тұрақтады. 
Айта кетейік, қысқы Олимпиада тарихында Қазақстан атынан әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда бұған дейін тек Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова (2018 жыл) өнер көрсеткен болатын.


20 ақпан 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728