Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұз айдынындағы мұзарт алтын

Мұз айдынындағы мұзарт алтын


Ерекшеліктерге толы жарыс
Қысқы Олимпиада ойындары – әлемдегі ең салтанатты және ең қызықты спорттық додалардың бірі. Қар мен мұз үстіндегі спорт түрлерінен өтетін халықаралық жарыс 2026 жылғы Ииталияда өтті. 6-22 ақпан аралығында өтіп жатқан XXV Қысқы Олимпиада қысқы спорт тарихында бірнеше рекорд орнатып, жаңашылдықтар енгізуімен ерекшеленді.
Милан және Кортина-д’Ампеццо ресми түрде екі қала ретінде бірлесіп өткізілуі Олимпиада тарихындағы тұңғыш жағдай ретінде тіркелуде.
Жарыстар Италияның солтүстігіндегі 22 000 шаршы шақырым аумақты қамтыған. Сондай-ақ бағдарламаға жаңа спорт түрі – ски-альпинизм енгізілді. Мұнда тауға өрмелеу мен шаңғы тебуді біріктірілген, арнайы тері қолданып, жоғары көтеріліп, кейде жаяу жүруді қажет етеді.
Көптеген спорт түрлерінде ерлер мен әйелдер қашықтығы теңестірілді. Әсіресе шаңғы жарысында – алғаш рет барлық қашықтық бірдей белгіленді.
Жаңа медальдық дисциплиналарда да оң өзгерістер бар. Мәселен фристайлда dual moguls яғни екі адамдық могул, альпілік шаңғыда командалық комбинациялық өзгеріс, люжде әйелдер жұптық жарысы, сонымен бірге микст эстафеталар мен аралас командалық жарыстар қатары артқан.
Ашылу салтанаты Сан-Сиро стадионында өткенімен, бірақ екі алау бір мезгілде Милан мен Кортинада жағылды.
Бұл қысқы әлемдік дода Италияның мәдениеті, сәні мен табиғатын спортпен біріктірген, сонымен қатар экологиялық және қолжетімділік тұрғысынан да жаңа стандарт қойған жарыс болды.
Қазақстандық құрама үшін тәжірибе
Олимпиадаға ел намысын қорғау үшін 36 спортшы жасақталған Қазақстан құрамасы барды. Құрамында 18 ер және 18 әйел қатысқан команда мүшелері 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайлшы Аяулым Әмренова алып шықты.
Жиырма бір жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль жеңіп алды.
Сарапшылар құраманың көбі тәжірибе жинап, келесі ойындарға дайындық жасағанын айтады.
Қазақстан спортшылары бірнеше бағытта жақсы өнер көрсеткенімен, өзгелері медальға қол жеткізе алмады:
Жанкүйерлер үміт атқан фристайлшылар Юлия Галышева, Анастасия Городко және Павел Колмаков финалдық кезеңдерге жетіп, үздік ондықтан көрінгенімен, үдеден шыға алмай, жеңістің ауылы алыстығын байқатты.
Трамплиннен секіруде қазақстандықтар іріктеуден аса алмады.
Шорт-трек, биатлон, шаңғы спорты сыны бойынша лицензия алғанымен шектелді.
Аяғына қос коньки байлап, мұзда сырғанаған Надежда Морозова 3000 метр қашықтықта үздік бестікке енді.
Шорт-трекші Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев мүмкіндігі тек жартылай финалға дейін жеткізді.
Шаңғы жарысы, биатлон, тау шаңғысы, трамплиннен секіру және солтүстік комбинация сияқты түрлерде спортшылар орташа нәтиже көрсетті.
Уыста алғашқы алтын
2026 жылғы Милан–Кортина Олимпиадасысындағы Қазақстан үшін тарихи сәтті Михаил Шайдоров сыйлады.
Мәнеп сырғанаушы қысқа бағдарламада «Dune» фильмінің музыкасына әуенімен өнер көрсетіп, 92,94 ұпаймен бесінші орында тұрғанымен, еркін бағдарламада керемет өнер көрсетіп, 198,64 ұпай жинады. Бұл нәтиже оны Олимпиада чемпионы етті.
2026 жылғы қысқы Олимпиада Михаил Шайдоров жеке бағдарламада ол әлемнің ең мықты фигуристерімен бәсекеге түсіп, әлем мықтыларын шаң қаптырды.Мишаның қарсыластары америкалық фаворит Илия Малинин сегініші орынды місе тұтса, жапониялық Юма Кагияма күміс, Шун Сато қолаға қол жеткізді.
Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қысқы Олимпиададағы екінші алтын медалі және мәнерлеп сырғанаудан алғашқы алтын. Отыз екі жыл бұрын, 1994 жылы, қазақстандық спортшы Владимир Смирнов шаңғымен жүгіруден алтыннан алқа таққан болатын.
Михаил Шайдоров – Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудағы алғашқы олимпиадалық чемпионы.
Михаил Станиславұлы – Алматы қаласының тумасы.
Спортқа баулыған әкесі – Станислав Шайдоров бұрынғы мәнерлеп сырғанаушы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол Михаилдің алғашқы жаттықтырушысы болған әке баласын 6 жасынан бастап мұзға алып шыққан.
Бастапқыда Михаил спортқа аса қызығушылық таныта қоймаған. Тіпті бір кезеңде гимнастикаға ауысып көрген. Алайда уақыт өте келе мұз айдынына қайта оралып, өзінің шынайы жолын тапты.
Алғашқы жаттығулары Алматыдағы қарапайым мұз айдынында өтеді. Кейін шеберлігін арттыру үшін Ресейдің Сочи қаласына барып, тәжірибелі бапкерлермен жұмыс істеді. Бұл кезең оның кәсіби спортқа бет бұруына үлкен әсер етті.
Ұлының мансабын қолдау үшін бір кездері жалғыз көлігін сатып жіберген оқиғасы көпшілік аузында.
Қазір де ресми жаттықтырушы болмаса да, әкесі ұлына кеңес беріп, қолдау көрсетеді.
Қазақстан мәнерлеп сырғанауының басты үмітіне айналған Михаил Шайдоров 2019 жылдан бері ел чемпионатында тұрақты түрде жеңіске жетіп, өзінің көшбасшылық позициясын дәлелдеуде.
Қоржынында әлем чемпионатында күміс медалі, Төрт құрлық чемпионатының алтыны, Азия қысқы ойындарының қола медалі бар. ISU Гран-при және Challenger серияларында да қомақты жүлделері жеткілікті.
Медаль кестесінде Қазақстан шамамен 17–23-орындар аралығында. Басқа елдердің жалпы медаль санына байланысты өзгереді. 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қазақстан жүлдесіз қалғанын ескерсек, бұл алтынның салмағы басым, айтарлықтай прогресс болғаны белгілі.
Бірнеше спортшы үздік ондық пен бестікке еніп, командалық деңгейдің жақсарғанын көрсетті.
Әзірге медаль саны бойынша Қазақстан шамамен 15–17-орындар аралығында. Нақты орын Олимпиада кестесінің соңғы жаңартуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Мишаның жеңісі мәнерлеп сырғанаудың жаңа деңгейге көтерілгенін ұғындырды.
Көптеген спорт түрлерінде тұрақты бәсекеге қабілеттілік жоғын көрсетті.
Олимпиаданың алғашқы үштігінде Норвегия, Италия, АҚШ тұр.
Дайындаған Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
17 ақпан 2026 ж. 27 0

Дертке дауа дарытқан

17 ақпан 2026 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728