Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото: freepik.comБүгін, 13 ақпанда Алматы мен Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жамбыл облысы: таулы аудандарда қалың қар, тұман, көктайғақ. Жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с. 13-15 ақпанда беткейлік ағын мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін, су тасқыны қаупі бар.
Қарағанды, Ұлытау облыстары: тұман, жел 15 м/с.
Маңғыстау облысы: көктайғақ, тұман. Жел 15-20 м/с.
Қостанай, Ақтөбе облыстары: тұман, жел 15-20 м/с.
Түркістан облысы, Шымкент: жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Таулы аймақтарда қар, жел 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысы: тұман, жел 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман.
Шығыс Қазақстан облысы: тұман, Өскеменде түнде және таңертең.
Абай облысы: тұман, жел 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман.
Қызылорда облысы: кейде тұман.
Ақмола облысы: қар, жел 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы: тұман, жел 15-20 м/с, Петропавлда 15-20 м/с.
Алматы облысы: таулы аудандарда қалың қар, көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең көктайғақ, тұман.
Алматы қаласы: кейде көктайғақ, тұман.
Мамандар жүргізушілерге абай болуға, таулы аймақтарда су тасқыны мен беткейлік ағын қаупін ескеруге кеңес береді.










