Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық кеңістіктегі өмірімізді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы — Мәди Мырзағараев

Цифрлық кеңістіктегі өмірімізді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы — Мәди Мырзағараев

Цифрлық кеңістіктегі өмірімізді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы. Бұл туралы «Референдум-2026» онлайн марафоны барысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев айтты.
Фото: Видеодан скрин
— Қазір шын мәнінде барлығымыз екі кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Бірі шынайы өмір болса, екіншісі — цифрлық кеңістік. Сол цифрлық кеңістікте тілдесеміз, хат алмасасыз, сауда-саттық жасаймыз, фото және бейне материалдарымызды, барлық дерегімізді сақтаймыз. Демек, қазіргі өміріміз қалай дамып келе жатса, цифрлық кеңістіктегі өміріміз одан да қарқынды, жылдам дамып жатыр. Ол жерде барлық дерегіміз, құжаттарымыз, балаларымыздың фото және бейне материалдары болғаннан кейін оны қорғауға алу қажет. Сондықтан қазіргі цифрлық кеңістіктегі өмірді және деректерді қорғау туралы норманы Конституцияға бекіту заман талабы, — деді ол.
Мәди Мырзағараевтың айтуынша, Конституция жобасының 21-бабында адамның бостандығы, жеке өмірі, оның ішінде цифрлық кеңістегі өмірі толықтай мемлекеттің қорғауында болатындығы жазылған. 
— Демек, біреу туралы деректерді жинауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға тыйым салынады. Осы норма Конституциялық деңгейде бекітілгеннен кейін тиісті заңнамалық нормалар қабылданады, — деді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы.
Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң — «Референдум–2026» онлайн марафоны барысында Қазақстан Заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституция жобасы алдымен қазақ тілінде ұғынықты жазылып, кейін ресми тілге аударылғанын айтқан еді.

14 ақпан 2026 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728