Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 32 жыл күткен тарихи жүлде: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы

32 жыл күткен тарихи жүлде: Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарының чемпионы

Михаил ШайдоровФото:ҰОК

Қазақстан қоржынына Италия төрінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында тарихи жүлде түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында топ жарды.
 Отандасымыз қос бағдарлама қорытынды бойынша 291.58 ұпай еншіледі. Бұл оның жеке рекорды.
Осылайша 32 жылдан кейін алғаш рет Қазақстан қоржынына тарихи жүлде түсіп отыр.
Ол жарыс жолында басты қарсыластары АҚШ елінің өкілі Илья Малиниді, жапондық Юма Кагияманы шаң қаптырды.
Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнменен өз өнерін күллі әлемге паш етті.
Айта кетейік, Михаил Шайдоров – әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Ол 2025 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Төрт құрлық чемпионатында алтын жүлде иеленіп, араға 10 жыл салып Денис Теннің тарихи жетістігін қайталады.
14 ақпан 2026 ж. 37 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728