Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада алауы тұтатылды

Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада алауы тұтатылды

Сурет: unsplash
Миланда Триумф аркасында тау шаңғысы бойынша үш дүркін Олимпиада чемпиондары Альберто Томба мен Дебора Компаньони Олимпиада алауын тұтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл тарихи рәсім Олимпиада алауын жағу үшін алғаш рет екі тостаған орнатылуымен ерекшеленеді. Тостаған Кортинада Пьяцца Дибона алаңында да орнатылды.
Мұнда тау шаңғысы бойынша олимпиада чемпионы София Годжа от қойды. Осылайша 2026 жылғы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты аяқталды.
Сурет: видеодан алынды
Бұған дейін Қазақстан құрамасының 6 ақпанда Италияда өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанын жазған болатынбыз. Қазақстан құрамасының туын Миланда – Денис Никиша, Ливиньода – Аяулым Әміренова көтеріп шықты. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар Предаццо қаласындағы шеруге де қатысты.
07 ақпан 2026 ж. 320 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930