Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы күндері облыс аумағында жауын-шашын және көктайғақ күтіледі

Алдағы күндері облыс аумағында жауын-шашын және көктайғақ күтіледі

25-26 желтоқсан күндері облыс аумағында қар жауып, жауын-шашын болып, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы түнде -5, -10 градус аязға, күндіз 0 +5 градусқа жылы болады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының метеоболжау бөлімінің басшысы Айгерім Жөкелова қыс мезгіліндегі ауа райы болжамын айтты.
- Облыста қаңтар айында ауаның орташа айлық температурасы -4,4-10,3 градус шамасында болады. Алғашқы онкүндікте онкүндікте ауа температурасы түнде -3, -8 градус аяздан -8, -13 градусқа, күндіз 0,+5 градус жылыдан 0,-5 градус аязға аздап төмендейді. Ал, екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -20, -25 градус аязға, күндіз -10, -15 градус аязға төмендеуі болжанады. Онкүндіктің аяғында түнде -1, -6 градусқа, күндіз +2, +7 градус жылыға жоғарылайды. Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -21, -26 градус аязға, күндіз -11, -16 градус аязға дейін, облыстың оңтүстігінде түнде -18 градусқа аязға, күндіз -8 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында. Жауын-шашын бірінші онкүндіктің ортасында, екінші онкүндіктің басында күтіледі. Қар айдың ортасында күтіледі. Тұман бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басы мен ортасында болуы ықтимал. Бұрқасын екінші онкүндіктің басында күтіледі. Желді 15-20 м/с дейін күшеюі ай бойы жиі болжанады. Сондай-ақ, Қызылорда облысында ақпан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1-2° жоғары, жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында норма шамасында болады деп болжануда,- деді Айгерім Болатбекқызы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
29 желтоқсан 2025 ж. 186 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 172

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031