Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен Қазалы ауданының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өткізілді.Комиссия отырысына профилактиканы ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін талқылау және оларды тәжірибеге енгізу, әдістемелік көмектер көрсету мақсатында аудандардың терроризмге қарсы комиссияларының отырыстарына жауапты облыстық мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы туралы нұсқаулық талаптарының сақталуы, тәуекел топтарға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен қабылданған шаралар және ақпараттық кеңістікте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізілген қарсы насихат шаралары туралы мәселелер талқыланды.
Бұған байланысты Қазалы ауданының полиция бөліміның бастығы Асылбай Аңсатов, Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Совет Бабанаев, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев хабарлама жасады.
Комиссия қорытындысымен күн тәртібінде қаралған мәселелерге байланысты салалық мекемелерге бірқатар тапсырмалар берілді.













