Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда жауған қалың қар 23 адамның өмірін қиды

Жапонияда жауған қалың қар 23 адамның өмірін қиды

Фото: depositphotos.com
Жапонияның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қалың қар жауып, салдарынан 18 адам қаза тауып, тағы 267 адам жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Жапония үкіметі және шығын көлемін бағалап жатқан жауапты мекемелер 20 қаңтардан бері қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ресми статистикасын жүргізіп отыр. Ал қардың екінші толқыны 25 қаңтарда жауған.
Сонымен қатар, жапон БАҚ-тары қарға қатысты қайғылы оқиғалар жөнінде үзбей хабарлап отырады: қар тазалау кезінде болған жазатайым жағдайлар, шатырдан құлаған қар және тағы басқа. Мұндай жарияланымдарда көбіне "адам өлімінің нақты себебі белгісіз" деген ескерту айтылады. Егер кейіннен өлімнің қармен байланысы дәлелденсе, ол дерек ресми статистикаға енгізіледі.
Агенттік деректеріне сүйенсек, былтыр 1 қарашада рекорд деңгейде жауған қар салдарынан 5 адам қаза болғаны ресми тіркелген.
Осылайша, рекордтық қар жауу кезіндегі құрбандарды қоса есептегенде, қыс маусымы басталғалы бері өлімі ресми түрде қармен байланысты деп танылған адамдар саны 1 ақпандағы жағдай бойынша 23 адамға жеткен. Ал басқа бірқатар өлім-жітімнің ауа райы салдарымен байланысы әзірге ресми түрде расталмаған.
Бір апта бұрын Аомори префектурасының солтүстік аймақтарына рекорд қардың екінші толқыны жауған. Мәселен, Хаккода тау жотасында қар қабаты 4,6 метрден асқан. Ал Хоккайдо аралының әкімшілік орталығы - Саппоро қаласында қар биіктігі 1,1 метрден жоғары болған.
Қолайсыз ауа райы көлік қатынасын тұралатып, бірқатар бағыта пойыздар жүрмей қалған. Оның ішінде қаланы әуежаймен байланыстыратын учаскелер де бар. Соның салдарынан Син-Титосэ әуежайында жолаушылар көптеп жиналып, мыңдаған адам бірнеше күн бойы терминалда түнеуге мәжбүр болған.
01 ақпан 2026 ж. 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728