Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниежүзілік сайлау күніне орай Open talk форматындағы жас сайлаушылармен кездесу өтті

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Open talk форматындағы жас сайлаушылармен кездесу өтті

Бүгін Қазалы ауданында Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Open Talk: сайланған әкімдердің және депутаттардың жас сайлаушылармен сенім диалогы» атты кездесу шарасы өтті.
Руханият орталығында өткен шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, «Аmanat» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев қатысып, жастармен ашық пікір алмасты.
Кездесу барысында сайлау жүйесінің ашықтығы, азаматтардың саяси белсенділігін арттыру, жастардың қоғамдық өмірге араласуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, электронды дауыс беру жүйесінің болашағы сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, спикерлер өздерінің сайлау науқандарынан алған тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға азаматтық жауапкершілік, ел дамуына бейжай қарамау және қоғамдық бастамаларға белсенді қатысу жөнінде ой-пікірлерін жеткізді.
Жиында аудан әкімі шараға қатысушыларды Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтап, жас сайлаушылармен еркін форматта пікір алмасты.
-Бүгінгі Open Talk форматындағы бұл басқосу – жай ғана кездесу емес. Бұл – ой еркіндігіне, ашық пікірге, өзара сенімге құрылған маңызды диалог алаңы. Әсіресе, елдің ертеңі саналатын жас буынмен ашық сөйлесу – біз үшін үлкен жауапкершілік әрі үлкен мүмкіндік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрдайым «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын алға тартып келеді. Ал бұл ұстанымның түп-тамыры – сайлау, яғни халықтың еркін білдіру тетігі екені белгілі. Сондықтан сайлау – бір күндік науқан емес, ол – ұзақ мерзімді саяси мәдениеттің, азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Бүгінде Қазалы ауданында барлығы 39 сайлау учаскесі болса, ондағы дауыс берушілер саны 47 652 адамды құрайды. Сайлаушылар ішінде ерлер – 24 313, әйелдер – 23 339. Ал, оның ішінде 11 234-і жас сайлаушылар. Сіздердің сайлау науқанында дауыс беруге қатысуларыңыз – жай ғана азаматтық борыш емес, бұл – ел тағдырына тікелей әсер ететін шешім. Бүгін дауыс бермеген жас – ертең қабылданған шешімге ренжуге моральдық құқығы жоқ. Сондықтан сайлауға қатысу – белсенді азаматтың басты белгісі, - деді аудан басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы.
Еркін диалог форматында өткен басқосу жастар үшін мазмұнды әрі мотивациялық алаңға айналып, жас сайлаушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталды.
01 ақпан 2026 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728