Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция: адам құқығының мызғымас қалқаны

Жаңа Конституция: адам құқығының мызғымас қалқаны

Конституцияның жаңа нұсқасында жеке өмірге қол сұғылмаушылық кепілдіктерінің кеңейтілуі – уақыт талабына сай қабылданған өте орынды шешім. Қазіргі заманда адамның абыройы мен қадір-қасиеті тек сөз жүзінде емес, нақты заңдық тетіктер арқылы қорғалуы аса маңызды. Осы тұрғыда құрмет пен абыройды заңмен бекіту азаматтың өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға, дербес деректерге қатысты нормалардың нақты әрі кең көлемде көрсетілуі цифрлық дәуірдің шынайы талаптарын ескерген маңызды жаңалық деп санаймын. Бүгінде банктік операциялар, салымдар мен жинақтар, хат-хабар, телефон қоңыраулары, мессенджерлер мен өзге де электрондық байланыс құралдары арқылы таралатын ақпарат адамның ең сезімтал деректеріне жатады. Мұндай мәліметтердің заңсыз жиналуы, сақталуы немесе пайдаланылуы азаматқа елеулі қауіп төндіреді.
Жаңа конституциялық норма дәл осы қауіптердің алдын алуға бағытталған. Ол жеке өмірдің қорғалуын тек дәстүрлі шеңберде қалдырмай, қазіргі қаржылық және цифрлық кеңістікті толық қамтиды. Бұл бір жағынан азаматтардың өз деректеріне деген сенімін күшейтсе, екінші жағынан мемлекет үшін құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.
Ең бастысы, бұл өзгерістер жедел-іздестіру және өзге де құпиялылыққа қол сұғуды көздейтін әрекеттерге жоғары талап қояды. Яғни, мұндай шаралар тек нақты негіздер мен заңды рәсімдер сақталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы тиіс. Меніңше, бұл адам құқықтарын қорғауды нығайтып, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді тереңдете түсетін маңызды жаңару.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ, 
Аудандық "Қазалы" газетінің тілшісі, 
ҚР Журналистер одағының мүшесі
31 қаңтар 2026 ж. 48 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031