Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы барлық балаға 130 доллардан аударылды

Қазақстандағы барлық балаға 130 доллардан аударылды

Қазақстандағы барлық балаға 130 доллардан аударылды
Фото: depositphotos.com
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балаларға кезекті нысаналы төлемдер есептелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады.
Таратылған хабарламаға сәйкес, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылғы қорытындысы бойынша әрбір баланың шотына 130,71 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылдың соңындағы мәлімет бойынша, бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны 6 918 656 бала болды.
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. 2024 жылы әр балаға есептелген сома 100,52 АҚШ доллар болған. 2025 жылы 129,38 АҚШ доллары есептелген.
Ұлттық банкте балаларға есептелетін қаражат жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының ұзақ мерзімді инвестициялық кірісінің жартысы есебінен қалыптасатынын және бұл тікелей қордың валюталық активтерінің көлеміне байланысты екенін еске салды. Сонымен қатар, алдыңғы жылдары балалардың шоттарына есептелген қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін Ұлттық қордың портфелінде инвестициялануын жалғастырып, қосымша табыс әкеледі.
Бағдарлама іске асқан 3 жыл ішінде (инвестициялық табысты қоса есептегенде) бір балаға шаққандағы жалпы жинақталған сома - 370,56 АҚШ доллар. Тиісті ақпарат 31 қаңтарда eGov mobile мобильді қосымшасында және kids.enpf.kz сайтында қолжетімді болады.
31 қаңтар 2026 ж. 191 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 116

ЖИ: қауіп пе, құрал ма?

31 қаңтар 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031