Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық қор – балаларға: 7 млн-ға жуық балаға 100 доллардан түсті

Ұлттық қор – балаларға: 7 млн-ға жуық балаға 100 доллардан түсті

Фото: Арман Мухатов – архив

ОКҚ алаңында өткен брифингте “БЖЗҚ” АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1 ақпаннан бастап қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы қаржы аударыла бастағанын еске сала кетейік.
“БЖЗҚ” АҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелгенін атап өтті. Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі сома аударылды.
Бұл алғашқы есептеу екенін түсінген маңызды, жыл сайын Ұлттық қордың өсуі мен инвестициялық кіріс есебінен сома ұлғайып отырады. Сондай-ақ есептелген қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында одан әрі инвестициялануын жалғастырады. Ол бағдарламаға қатысушы балаларға 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі, - деп түсіндірді ол.
Шәріповтің сөзінше, 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 балаға аталған сома олардың БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Олар өздерінің нысаналы жинақтарын кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үйге немесе білім алуға бірден пайдалануға құқылы.
Бағдарлама жұмысының алғашқы бес күнінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында нысаналы жинақтарды төлемін алуға 30-дан астам өтінім келіп түсті. Олар бойынша уәкілетті операторда ашылған шоттарға төлемдер жүргізілді, - деп айтты ол брифингте.
Сөзінше, балалар туралы барлық мәліметті БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорынан (ЖТ МДҚ) алды. Республиканың өңірлері, ондағы балалардың жасы, жынысына қарай есептелген сомалар бойынша статистикалық есеп enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.
12 ақпан 2024 ж. 108 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 30

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 30

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 33

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 34

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031