Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Ұлттық қор балаларға“: қанша баланың болашағына ақша аударылды?

“Ұлттық қор балаларға“: қанша баланың болашағына ақша аударылды?

Фото: depositphotos.com
"Ұлттық қор балаларға" бастамасы аясында 7 млн-ға жуық баланың болашағына ақша аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бағдарлама ресми түрде 2024 жылы 1 қаңтарда басталды. Осы арқылы 2006 жылдан бастап туған әрбір балаға Ұлттық қордан жыл сайын қаражат аудару көзделген.

Қаржы министрлігі мәліметінше, былтыр бағдарламаға 6 919 131 адам, яғни 2006 жылдан 2023 жылға дейін дүниеге келген балалар қатысқан. Олардың әрқайсына $100,52 есептелген.

"Оның жалпы сомасы $695,5 млн болды. Ұлттық қордан ақша есептелген балалардың жалпы санынан 2024 жылы 304 815 адам 18 жасқа толды, оларға жалпы сомасы $30,6 млн аударылды. 2025 жылы қатысушылар саны 6 921 035 балаға дейін өсті, оның 324 430-ы биыл 18 жасқа толады, ал қаржы көлемі $129,38 болды", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін жиналады, содан кейін оларды тұрғын үйге немесе оқу ақысын төлеуге пайдалануға болады.
02 маусым 2025 ж. 209 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930