Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік алтынға сұраныс алғаш рет 5000 тоннадан асты

Әлемдік алтынға сұраныс алғаш рет 5000 тоннадан асты

Өткен жылы алтынға деген әлемдік сұраныс тарихи ең жоғары деңгейге жетті. Экономикалық тұрақсыздыққа қатысты алаңдаушылық инвестиция көлемінің күрт өсуіне себеп болды
ФОТО: pexels
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ретте рекордтық жоғары бағалар зергерлік бұйым сатып алушылардың санын азайтқанына қарамастан, инвесторлардың қызығушылығы бәсеңдеген жоқ.
The Edge Malaysia дерегінше, 29 қаңтарда Дүниежүзілік алтын кеңесі (World Gold Council) жариялаған есепте 2025 жылы әлемдік алтынға сұраныс 1%-ға өсіп, 5002 тоннаға жеткені көрсетілген. Бұл – бақылау жүргізіле бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Сонымен қатар алтын бағасы алғаш рет бір унция үшін 5300 АҚШ долларынан асып, жыл басынан бері 22%-ға қымбаттады. Ал 2025 жылы геосаяси шиеленіс салдарынан «қауіпсіз активке» деген сұраныс күшейіп, баға бір жылда 64%-ға өскен болатын.

Осылайша, жалпы инвестициялық мақсаттағы алтынға сұраныс 2025 жылы 84%-ға артып, рекордтық 2175 тоннаға жетті.

Дегенмен, 2025 жылы алтын зергерлік бұйымдарға сұраныс 18%-ға төмендеді. Ал Қытайда алтын әшекейлерін сатып алу көлемі 24%-ға қысқарып, 2009 жылдан бергі ең төменгі деңгейге түсті.
30 қаңтар 2026 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031