Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақшыл-күміс металдар бағасы соңғы 17 жылда алғаш рет күрт көтерілді

Ақшыл-күміс металдар бағасы соңғы 17 жылда алғаш рет күрт көтерілді

Сурет: freepik
2025 жылғы 18 желтоқсанда платина бағасы күрт өсе бастады. Сарапшылар мұндай үдеріске АҚШ-тағы ақша-несие саясатын жеңілдету мен қымбат метал тапшылығынан туған үрей әсер етті деп отыр. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Fashionnetwork басылымының жазуынша, платина фьючерстері сауда-саттық кезінде 2%-ға өсіп, троя унциясы үшін 1 978 долларға дейін жетті. Бұл 2008 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Осылайша, жыл басынан бері қымбат металл бағасы 2,2 есе өсті.
Ал, өз кезегінде осыған ұқсас палладий 3,3%-ға қымбаттап, бір унция үшін 1 777 долларға сатылуда. Бұл соңғы үш жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Осы ретте, Дүниежүзілік платина инвестициялар кеңесі (World Platinum Investment Council, WPIC) 2025 жылы әлемдік нарықтағы платина тапшылығы 69 200 унцияны құрайтындығын мәлімдеді.
Бұған дейін алтынның құны тағы көтерілгенін жазғанбыз.
19 желтоқсан 2025 ж. 179 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031