Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алтын қанша тұрады

Қазақстанда алтын қанша тұрады

Коллаж: Kazinform / Midjourney / Freepik

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 5 маусымда алтынның грамы 55 324,92 теңге болады.

Өткен бейсенбі, 29 мамырда асыл металдың бағасы шамамен 54 749 теңгені құраған.

Бұған дейін Қазақстан алтын қоры бойынша ТОП-20 елдің қатарына енгенін жазған болатынбыз. Соңғы 10 жылда елімізде алтын кенін өндіру 2,2 есе артты.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің (World Gold Council) мәліметінше, 2025 жылдың бірінші тоқсанында алтынға жалпы сұраныс бір жылмен салыстырғанда 1%-ға өсіп, 1206 тоннаны құрады. Бұл – 2016 жылдан бері бірінші тоқсандағы ең жоғары көрсеткіш. 

Орталық банктер бірінші тоқсанда 244 тонна алтын сатып алды, бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда аз.

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға сұраныс та рекордтық бағалар жағдайында күрт төмендеді: көлемі 2020 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Өз кезегінде, құндық мәнде алтын зергерлік бұйымдарға тұтынушылық шығындар бір жылмен салыстырғанда 9%-ға өсіп, 35 млрд долларға жетті.

Қазақстан аймақтарында алтын құны қанша екенін мына материалдан оқи аласыз. 

05 маусым 2025 ж. 281 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031