Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бақытқа апарар жол

Бақытқа апарар жол

Фото: ашық дереккөзден
Ерте, ерте, ертеде бір қойшы бала болыпты. Қыстың бір күні ол қой бағып жүріп, боранға тап болып, қалың тұманда жолынан адасады. Ауылын іздеп келе жатып, Нәпсі деген ауылға кезігеді. Ауылдың кіреберісінде бір бала оны жылы сөзбен қарсы алып, бір түн қонуға көндіреді. Тамақтанып, бәрі ұйқыға кетеді. Түсінде қойшы балаға ақ сақалды ақсақал кіріп, өзін Имандылық деп таныстырады. Ол бұл ауылда қанағатсыз, тойымсыз, нәпсісін меңгере алмайтын адамдар тұратынын айтып, тез кетуін ескертеді.
Бала оянып, білдірмей ауылдан қашып шығады. Ұзақ жолдан кейін Есірткі деген ауылға тап болады. Мұнда адамдар инеге тәуелді екен. Түнде терезеге бір құс келіп, өзін Ақыл құсы деп таныстырады. Ол бұл ауылдың адам өміріне зиян екенін айтып, баланы соңынан ертіп, ауылдан шығарып салады.
Кешке қарай бала Азғындық ауылын көреді. Ауылға кірмей тұрып, Мейірім талы оған бұл жерде зұлым, имансыз адамдар тұратынын ескертеді. Бала жолын жалғастырады.
Жолда Тәртіп сақшысы кездесіп, баланың басынан өткендерін тыңдап, оны Бақыт ауылына жеткізеді. Қойшы бала дұрыс қасиеттердің арқасында аман қалып, жақындарымен бақытты өмір сүріпті.
Тынық Мансұр Ерланұлы,
Ы.Алтынсарин атындағы №204
мектептің оқушысы
26 қаңтар 2026 ж. 55 0

Бақытқа апарар жол

26 қаңтар 2026 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031