5 облыста жол жабылды
Фото: istockphoto.comАуа-райының бұзылуына байланысты Қазақстанның 5 өңірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарлады.
Ақмола облысы
- «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы);
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы – СҚО шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
- «Астана – Көкшетау– Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы - Келлеровка ауылы);
- «Көкшетау – Рузаевка» автожолының 61-91 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасынан – Саумалкөл ауылына дейін);
- «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысының шекарасы – Чкалов ауылы).
Жолды 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Қостанай облысы
2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 15:00-де жолды ашу жоспарланған.
Қарағанды облысы
2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу қойылды:
- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы);
- «Теміртау – Ақтау – Бастау» автожолының 0-53 шақырым аралығы (Теміртау қаласынан Бастау ауылына дейін)
Павлодар облысы
2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 09:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 137-231 шақырымы аралығында (Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.










