Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішкі әуе рейстер билетінің бағасы төмендей ме?

Ішкі әуе рейстер билетінің бағасы төмендей ме?

Фото: freepik.com
Мәжіліс кулуарында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева әлеуметтік әуе рейстері билеті бағасын төмендетуге қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін ішкі бағыттағы 69 әуе бағытына субсидия бөлінетіні хабарланған еді.
«Субсидиялар жыл сайын шығынға және тиімсіздікке байланысты коммерциялық рейстер пайдаланылмайтын бағыттарда көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бөлінеді», – деп түсіндірді Салтанат Томпиева.
Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар рейстер өңірлер арасындағы байланыс орнату үшін қажет. Сондықтан бұл бағыттарда билет бағасын төмендету қарастырылмаған.
«Мысалы, Түркістан – Ақтау, Көкшетау – Ақтау бағыттары. Сондықтан баға бекітілген. Ол 10–15 мың теңгеден басталады, ең жоғарғысы – шамамен 25–30 мың теңге», – дейді комитет төрағасы.
Айта кетейік, таяуда энергетика министрі Ерлан Ақкенженов авиаотын бағасы төмендейтінін мәлімдеген. Оның айтуынша, авиахабтар үшін авиаотын бағасы тоннасына 1200-ден 940 долларға дейін төмендетіледі, кейін тағы 890 долларға дейін төмендеу жоспарланған.
23 қаңтар 2026 ж. 335 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930