Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

Сарыбұлақ ауылына ауызсу берілді

Қазалы ауданындағы Сарыбұлақ ауылына ауыз су қосу рәсімі өтіп, оған Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.Облыстық мәслихат төрағасы сарыбұлақтықтарды құттықтап, ауылдарға, әсіресе шалғай елді мекендерге инфрақұрылым игіліктерін жеткізудегі жетістіктерді атап өтті.
«Сыр елінің бас шаһарында өткен, егемен еліміздің болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданған Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы тарихымызға алтын әріппен жазылды. Қабылданған шешімдер халқымыздың болашаққа деген сенімін арттырып, ұлт бірлігін нығайтады.
Алқалы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
«Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидаты шалғай елді мекендерге ауыз су, газ тартылуына, жол мен замани әлеуметтік нысандар салынып, тұрмыс сапасын жақсартуға оң ықпал етуде.
Осы орайда Сарбұлақ ауылын таза ауыз су желісіне қосу жұмыстарымен айналысқан мердігер «Дәнекер» мекемесіне, игі іске атсалысқан барша азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Таза ауыз судың келуі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарта түседі сенеміз», – деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Рәсімде ауылдың өркендеуіне үлес қосқан аға буын ардагерлерге, ауыз су жүргізген мердігер мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. Наурызбай Сейтқалиұлы сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы Сердалы Сағымбаев батасын берді.
Президент тапсырмасымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен аймақта денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында әлеуметтік жобалар жүзеге асуда.
Аталған жоба аясында Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз су желісіне қосуға республикалық, облыстық бюджеттен және қайтарылған активтер есебінен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
Енді Сарбұлақ ауылына таза ауыз су келіп, шалғай елді мекеннің тұрғындары көптен күткен игілікке қол жеткізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды.
Айта кетейік, өткен жылы Қазалы ауданының бюджеті 27 млрд теңгеге жетті. Ал соңғы үш жыл ішінде аудан экономикасына шамамен 80 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
2022-2024 жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 31 млрд. 600 млн. теңгеге өңірдегі 78 ауылдың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 343 жоба жүзеге асты. Өткен жылы 41 елді мекендегі 66 жобаға 15 млрд. 155 млн. теңге қаралды. Мемлекет басшысының елді мекендерді түгелдей орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы 100 пайыз орындалды.
23 қаңтар 2026 ж. 171 0

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031