Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерге арналған тегін көшпелі медициналық кеңес беру акциясы өтті

Ардагерлерге арналған тегін көшпелі медициналық кеңес беру акциясы өтті

Бүгін «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Шипагер» БПҰ мүшелері ардагерлер мен зейнеткерлерге арналған тегін көшпелі медициналық кеңес беру шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдерінің денсаулығына ерекше көңіл бөліп, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету.

Аталған шараға «Жетес би» және «Болат жолы» дәрігерлік амбулаторияларының білікті ақ халатты мамандары қатысып, ардагерлер мен зейнеткерлерге кеңес беріп, қан қысымын өлшеу, жалпы тексеру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап беріп, денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ұсыныстарын айтты.

Шараға қатысқан ардагерлердің бірі өз ризашылығын білдірді.
«Осындай аязды күндері емханаға бару бізге қиын, кейде кезек күтіп қаламыз. Ал дәрігерлердің өздері келіп, тегін кеңес бергені біз үшін үлкен көмек. Бізге үнемі қамқорлық танытып жүрген жандарға алғысымыз шексіз», – деді ардагер.

#AMANAT
23 қаңтар 2026 ж. 319 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930