Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері 454 мың салық төлеуші салық декларациясын тапсырған

Жыл басынан бері 454 мың салық төлеуші салық декларациясын тапсырған

Бектенов кеңев өткізген
Жыл басынан бері 454 мың салық төлеуші салық декларациясын тапсырған
Фото:
istockphoto.com
2026 жылғы 1 қаңтардан бері жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен 454 мың салық төлеуші оңайлатылған салық декларациясы бойынша өз қызметін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осы аралықта, яғни, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде 138 мың жеке тұлға тіркелген. Бастысы, осы 138 мың тұлғаның ішінде 122 мыңы бұрын тіркелмеген, деп хабарлайды үкімет. Дереккөзге сүйенсек, жеті мыңнан астам бизнес субъектісі жаңа қосылған құн салығын төлеушілер ретінде есепке алынған екен.
«Әділ, ыңғайлы әрі түсінікті. Салық төлеу үдерісі дәл осылай болуы керек. Ішкі кірістер қызметінің қызметкерлері бизнестің серіктестері әрі кеңесшілері болуы керек. Жауапқа тарту шаралары тек кірісін қасақана жасырғандар үшін қарастырылған. Сондықтан 2026 жыл бүкіл ШОБ үшін өтпелі жыл болады; төлеудегі қателіктер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдардың өндірілмейді. Сонда кәсіпкерлер бұл жылды өзгерістерге байсалды түрде бейімделу үшін пайдалана алады», - дейді Бектенов бүгінгі кеңесте.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің фискалдық процестерін оңтайландыру мақсатында бұған дейінгі 12 ескірген ақпараттық жүйенің орнына 5 заманауи цифрлық платформа қолданысқа енген. Бұл салық салу рәсімдерін жеңілдетуге, адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға және заң бұзушылықтарды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді.



23 қаңтар 2026 ж. 160 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031