Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйлер мен көліктердегі көк Туды көріп, қуанып қаламын – Президент

Үйлер мен көліктердегі көк Туды көріп, қуанып қаламын – Президент

Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V  отырысында Мемлекеттік рәміздерді орынды қолдану жөнінде пікірін білдірді, – деп хабарлайды KAZINFORM
– Патриотизм – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік, бірақ азаматтық жауапкершілік пен өз еліне пайдалы болуға ұмтылыссыз мұндай сүйіспеншіліктің маңызы болмайды. Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан пайдаланған орынды?» деген маңызды мәселе талқыланып жүр. Бұл рәсім арнайы нормалар мен ережелер арқылы реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді қолданғанда бейқамдыққа, салғырттыққа жол берілмейді, – деді Президент Қызылордада өткен V Құрылтай отырысында.
Сонымен бірге, Президент заңның тек мәтініне емес, мәні мен мақсатына да зер салу керегін айтты. Патриотизмді насихаттау қажет, бірақ мемлекеттік рәміздерді қолданғанда оларды сақтықпен, әдепті түрде пайдалану басты назарда болуы керек.
— Мен үйлерде, көліктерде, көшелерде, сондай-ақ еліміздегі, әсіресе, шетелдегі спорттық және басқа іс-шараларда көк Туымыз желбіреп тұрғанда қуанып қаламын. Сол арқылы еліміздің азаматтары бірлігі бекем ұлт екенімізді көрсетеді. Олардың әрекеттерінен туған елін мақтан тұтатыны байқалып тұрады. Біздің туымыздың танымал болуының артында отандық спортшылардың жетістіктері, ғалымдардың еңбектері, кәсіпкерлердің табысы мен музыканттардың жеңісі тұр. Бұл жетістіктер тұтас елдің игілігіне айналып, оның әлемдегі беделін арттырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 
20 қаңтар 2026 ж. 110 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031