Туды қалай пайдалану қажет?

Ел заңы не дейді?
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Заңда лицензиялар мен техникалық реттеу туралы сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді қолдану мен пайдалану туралы ұлттық стандарттар бекітілді.
2020 жылы 17 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша «Мемлекеттік рәміздері туралы» заңның ұлттық стандарты қабылданды, - дейді маман.
Туды қорлаған жағдайда:
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 458-бабының 1-бөлігі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз қолданғаны үшін 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер азамат ашық қорлайтын болса, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, - деді «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры.
Әр азамат білуі тиіс
- Азаматтар өзінің тұрғын үйінің төбесіне және балконға өзінің патриоттық сезімін білдіру мақсатында ілуіне рұқсат.- Мемлекеттік органдарда кеш батқан кезде мемлекеттік рәміздерді жарықтандырылуы тиіс. Ал жеке азаматтарға бұл қажет емес.- Мемлекетті туды жеке азаматтар өзінің автокөліктерінде алып жүруіне немесе жалаушаларын тағып жүруге рұқсат етілген. Ал елтаңбаны жеке үйде, автокөлікте пайдалануға тыйым салынады.- Мемлекеттің басты құндылықтары - еліміздің, отанымыздың айшығы болғандықтан әрбір азамат рәміздерді пайдаланар кезінде оның ережелерінің қатаң сақталуын қадағалауы тиіс. Оның аяқасты болмауын, қорланбауын қадағалау керек.
Сонымен мемлекеттік рәміздерді пайдаланатын жерлер:
Сонымен мемлекеттік рәміздерді пайдаланатын жерлер:
Мемлекеттік рәміздерді үкіметтік мекемелерде, Сенат және Парламент төрлерінде және жергілікті мемлекеттік органдардарында сонымен бірге ресми түрде өтетін спорттық іс-шараларында пайдалануға болады. Оларды Үкіметтік емес ұйымдар, жекеменшік мекемелердің пайдалануына тыйым салынған. Оны аяқасты етуге, қорлауға тыйым салынады.
#мемлекеттік рәміздер #қолдану #ережелері