Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі заң шығару бастамасына ие болады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі заң шығару бастамасына ие болады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда жаңадан құрылатын Халық кеңесі заң шығару бастамасына ие болсын деген ұсыныс айтты.
  • Халық Кеңесі заң шығару бастамасы құқығына ие болуы тиіс, бұл, әрине, оның мәртебесін айтарлықтай арттырады. Жылына кемінде бір рет шақырылатын сессия Халық Кеңесінің жоғары органы болады, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңеске Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық және конфессияаралық келісім мәселелері жөніндегі базалық функционалы берілетінін атап өтті.
  • Сонымен қатар, жаңа орган ішкі саясатты жетілдіру бағытында ұсыныстар әзірлеуге де назар аударады, мемлекеттік идеологияға, сондай-ақ Конституцияның ережелеріне және мемлекетіміздің басқа да маңызды құжаттарына қатысты мәселелерді ілгерілетумен және түсіндірумен айналысады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, мемлекеттік маңызы бар басқа да гуманитарлық форумдарды өткізу функциясы Кеңестің қарауына өтеді.
Халық Кеңесінің мәртебесі мен құрылу тәртібін Конституциядағы жеке бөліммен және арнайы Конституциялық заңмен реттеу жоспарланып отыр, – деді Мемлекет басшысы.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
20 қаңтар 2026 ж. 215 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930