Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұртай Сабильянов: "Кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мәселелерді шешу қажет"

Нұртай Сабильянов: "Кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мәселелерді шешу қажет"

Қызылордада басталған Ұлттық құрылтайдың секция отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов кәсіпкерлікті дамытуға қандай факторлар кедергі келтіріп отырғанын айтты.
Оның біріншісі — шағын және орта бизнеске несиенің жоғары үстемемен берілуі.
- Несие жеңілдетілген мөлшерлемемен берілуі, яғни ол 8%-дан аспауы керек. Екінші деңгейлі банктер бүгінгі күні 20-25%-пен беріп жатыр. Бұлай біз кәсіпкерлікті дамыта алмаймыз. Осы мәселені шешетін болсақ, кәсіппен айналысуға ынта білдірген азаматтарға қолайлы жағдай қалыптасады, - деді депутат.
Ол биыл ғана күшіне енген салық кодексін қайта қарауды ұсынды. Өйткені жеке кәсіпкер жеңілдетілген декларация жүйесімен жұмыс істеп, заңды тұлға оның қызметін тұтынғанымен, шығындалатын — кәсіпкер. Нұртай Сабильянов сондықтан кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуге дайын екенін жеткізді.
- Ауыл шаруашылығын дамыту бағытында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бағдарлама бойынша 5-7 жылға 2,5%-бен жеңілдетілген несие беріледі. Біз қаражат көлемін ұлғайтуды және қаражат алу кезінде кепілдік қою мәселесіне назар аударуды сұраймыз. Өйткені ауылдағы үйлердің құны төмен. Кепілге қоюға жарамайды. Осы мәселелерді шешу кезек күттірмейді, - деді Мәжіліс депутаты.
Дереккөз: Қазақпарат
Фото: Нұрболат Нұржаубай
19 қаңтар 2026 ж. 262 0

Тазалық пен тағзым

21 сәуір 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930