Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты

«Қайрат» құрамы жаңа екі ойыншымен толықты

Фото:  instagram.com/f.c.kairat/
«Қайрат» футбол клубы аргентиналық жартылай қорғаушы Себастьян Себальос және бразилиялық қорғаушы Лукас Африкомен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады. Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Себастьян Себальоспен арадағы келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін, ал Лукас Африкомен 2026 жылдың соңына дейін жасалған, деп жазады Egemen.kz.

24 жастағы жартылай қорғаушы Буэнос-Айрес провинциясына қарасты Хосе-Мария-Хауреги қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын «Лос Андес» клубында бастап, кейін «Индепендьенте Ривадавия» және «Тальерес» клубының екінші командасында жалғаған.

Одан кейін Себастьян Себальос Боливияға ауысып, «Реал Оруро» клубында доп тепкен. Өткен маусымда ол командасының көшбасшыларының бірі болып, 40 матчта 18 гол соғып, 5 нәтижелі паспен көзге түскен.

30 жастағы Лукас Энрике да Силва Сан-Паулу қаласында дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы Гуаральюстағы «Фламенго» клубында бастаған. Кейін «Сантос» пен «Лондрина» сынды танымал бразилиялық клубтардың намысын қорғаған.

«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынына кімдерді шақырды?

Ол 2018 жылы Еуропаға ауысып, Португалия чемпионатында «Маритиму» мен «Эшторил» құрамында бірнеше маусым өнер көрсеткен. 2023 жылы Әзірбайжанның «Габала» клубында ойнап, кейін Португалияға оралып, «Фаренсе» клубымен келісімшарт жасасқан. Португалияның жоғары дивизионында жалпы 75 матч өткізіп, үш гол соққан.

Бразилиялық қорғаушы Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Ван Спор» құрамында доп тепті. Онда ол 11 матчта жасыл алаңға шыққан.

«Қайрат» футбол клубы аталған ойыншылардың Чемпиондар лигасы аясында 20 қаңтарда «Астана Аренада» өтетін бельгиялық «Брюггеге» қарсы матчта алаңға шығуына қатысты ақпарат бермеген.

Айта кетейік, 28 қаңтар күні «Қайрат» Лондонда «Арсеналға» қарсы жасыл алаңға шығады.

Еске салайық, бұған дейін «Қайрат» сапынан израильдік жартылай қорғаушы Офри Арад кеткенін хабарлағанбыз.

19 қаңтар 2026 ж. 30 0

Таңдау сенің қолыңда

19 қаңтар 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031