Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ жігіт Қытай құрамасына шақырту алды

Қазақ жігіт Қытай құрамасына шақырту алды

Қытай футбол федерациясы 20 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырту алған футболшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында этникалық қазақ жігіт де бар.

Басылымның мәліметінше, Қытай жастар құрамасына шақырту алған 20 жастағы Елжан Шынарұлы Қытай суперлигасында өнер көрсететін "Шэньчжэнь" клубында ойнайды.

Алаңдағы орны қапталдағы қорғаушы.

Елжан Шынарұлы - 1999 жылы 6 маусымда Алтай аймағының Бурылтоғай ауданында дүниеге келген.

2016 жылдан бастап Қытайдың Гуандун өлкесінде аладоптың қыр-сырын меңгерген.

Ол 2018 жылы алғаш рет "Шэньчжэнь" футбол клубының жастар командасында өнер көрсетіп, бір маусымда үш гол соғып, төрт голдық пас берген.

2019 жылдың алғашқы жартысында "Шэньчжэнь" клубының жастар командасында доп тепкен. Ал маусымның екінші жартысынан бастап клубтың негізгі құрамына алынған.

Елжан Қытай суперлигасындағы алғашқы ойынын 7 шілде күні "Хэбэй Илиньшаньчжуан" (1:1) командасына қарсы өткізді.

Алаңда 90 минут өнер көрсеткен Елжан Қытайдың ең жоғарғы лигасында алаңға шыққан алғашқы алғашқы қазақ ойыншысы атанды.
Айта кетейік, Қытай Суперлигасында өткізген алты ойыннан кейін футболшы сол елдің жастар құрамасына шақырту алып отыр.


kaz.nur.kz
14 тамыз 2019 ж. 1 784 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031