Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қайсар» құрамы сербиялық ойыншымен толықты

«Қайсар» құрамы сербиялық ойыншымен толықты

Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы жаңа ойыншымен толықты. Командаға сербиялық шабуылшы Братислав Пуношевац келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Братислав Пуношевац 1987 жылдың 9 шілдесінде Сербияның Крушевац қаласында дүниеге келген. Ол өз елінің «Копаоник» және «Партизан» клубтарының жастар құрамында үлкен футболға қадам басқан. 2005 жылы кәсіби карьерасын «Напредак» командасында бастады. Аталмыш клубта 2010 жылға дейін ойнап, 64 ойында 13 гол соқты. 2011-2013 жылдарда Румынияның «Оцелул» клубында доп теуіп, одан кейін сол елдің «Тыргу-Муреш», Жапонияның «Ависпа Фукуока», Сербияның «Раднички», Венгрияның «Гонвед» және «Бекешчаба» командаларының жейдесін киді.
Үстіміздегі жылдың басында Петропавлдың «Қызылжар» клубымен келісімшартқа қол қойды. Биыл ол команда сапында 15 ойында 4 гол соқты.
«Жақында ел біріншілігінде трансферлік кезең басталды. Біз команда құрамын күшейтуге мән беріп отырмыз. Қазақстандық және шетелдік ойыншыларды команда құрамына тартамыз», - деді «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов.
Айта кетелік, жақында шабуылшы Йоанн Аркин «Қайсар» құрамынан кетті. Команда сапынан кетуі мүмкін тағы ойыншылардың бары айтылуда. Бірақ олардың есімдері әзірге жарияланып отырған жоқ.
08 шілде 2018 ж. 1 169 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 141

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 157

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031