Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық ғалымдар балалардың тілдік қабілетін жақсартудың қарапайым жолын тапты

Қытайлық ғалымдар балалардың тілдік қабілетін жақсартудың қарапайым жолын тапты

Фото: pixabay
Мамандар экран алдында өткізетін уақытты ата-анамен бірге кітап оқуға ауыстыру мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік және әлеуметтік-эмоциялық дағдыларының әлдеқайда жақсы дамуына ықпал ететінін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Зерттеуге Қытайдың Ланьчжоу қаласындағы балабақшаларда тәрбиеленетін 3 пен 6 жас аралығындағы 202 бала және олардың ата-аналары қатысты. Ата-аналар балалардың экран алдында қанша уақыт өткізетінін, ата-анасымен бірге кітап оқитынын немесе ойнайтынын тіркеп отырған. Бұл туралы Computers in Human Behavior журналы жазады.
"Экран уақыты білім беретін және ойын-сауық контенті деп бөлінді, сондай-ақ жеке көру мен ата-анамен бірге көру түрлері қарастырылды. Балалардың даму деңгейі тілдік қабілеттерді, эмоцияларды түсіну мен әлеуметтік нормаларды меңгеруді бағалайтын стандартталған тесттер арқылы анықталды", – деп жазды басылым.
Зерттеу нәтижесі бойынша, ата-анасымен жиі кітап оқыған балалар тілдік даму мен әлеуметтік құзыреттілік көрсеткіштері бойынша жоғары нәтиже көрсеткен. Ал экран алдында өткізетін уақыттың артуы бұл көрсеткіштердің төмендеуімен байланысты болған.

Бұған дейін Замбияда он жастағы мектеп оқушысы қолтырауын шабуылына ұшырап, мерт болғанын жазғанбыз.
16 қаңтар 2026 ж. 224 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 163

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031