Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңақорған кентінде 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Жаңақорған кентінде 80 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Қазыбек Иса, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Жаңақорған кентінде әлеуметтік жағынан осал топтарға арнап салынған 80 пәтерлік 40 тұрғын үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы тұрғындарды қоныстойымен құттықтап, осы жыл да өңір үшін жаңа бастамалар мен жарқын жоспарлар жүзеге асатын, береке мен бірлікті бекемдейтін кезең болатынын атап өтті.
«Президентіміздің, Үкіметтің қолдауымен барлық салада серпінді жобалар қолға алынды. Аймағымызда қалыптасқан қолайлы инвестициялық климат ірі инвестициялық жобаларға жол ашты.
Жаңақорған ауданында 2023-2024 жылдары 174 пәтерлік 87 тұрғын үй жерлестерімізге берілді, 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» шәкірттерін қабылдады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында өңірде бой көтерген 10 мектептің екеуі Жаңақорған ауданына тиесілі.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жаманбай батыр, Қыркеңсе ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория, Төменарық ауылында амбулаториясы бар 15 орындық аурухана, аудандық көпбейінді аурухана жанынан қосымша ғимарат салынды.

Қараша айында автоматты газ тарату станциясын салтанатты түрде іске қосқан болатынбыз. Қазір станцияның қуаттылығы 2 есеге дейін ұлғайтылды. Өткен жылы 40 көше, оның ішінде аудан орталығының негізгі Хорасан ата көшесі күрделі жөндеуден өтті. Жақында ғана Екпінді ауылында
100 орындық клуб ашылды.
Бүгін, міне жаңақорғандықтарды баспаналы болу қуанышымен құттықтау үшін жиналдық, аудан орталығынан 1 млрд. 500 млн. теңгеге салынған 80 пәтерлік 40 тұрғын үйді иелеріне табыстаймыз! Мемлекет қолдауымен жақсылыққа кенелген баршаңызға қоныс құтты болсын!», – деді Н.Нәлібаев.

Рәсімде Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен тұрғын үйді сапалы етіп салған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Руслан Рүстемов пен Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.

Еске салайық, 2022-2024 жылдары тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар
5 мыңнан астам жаңа пәтерге қоныстанды. Кейінгі үш жылда, атап айтқанда 2023 жылы 430, 2024 жылы 1015, 2025 жылы 332, жалпы саны 1777 пәтер алғаш рет барлық аудандағы жерлестерімізге табыс етілді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
14 қаңтар 2026 ж. 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031