Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет 240 млрд теңге бөлді: бұл қаржы қайда жұмсалады?

Үкімет 240 млрд теңге бөлді: бұл қаржы қайда жұмсалады?

Үкімет 240 млрд теңге бөлді: бұл қаржы қайда жұмсалады?Фото: depositphotos.com
Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісті. Геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Таяудағы үш жылда 20 жобаны жүзеге асыруға, аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге немесе шамамен 500 млн доллар бағыттау жоспарланып отыр. Кейінгі 15 жылда 469 млн доллар жұмсалған.
"Жобаларға жерді қашықтан зондтау дерегін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізімін қалыптастыру кезінде қорлардың сарқылу факторлары, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы не ең аз саны бойынша басымдығы ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 

14 қаңтар 2026 ж. 228 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930