Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Пластикалық желім» салынған печенье артерияларды бітеп тастауы мүмкін

«Пластикалық желім» салынған печенье артерияларды бітеп тастауы мүмкін

Әлеуметтік желілерде Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы ақпарат тарады.
Фото: iStock
Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желілерде таралған, оның кремді салмасы «пластикалық желім» екені және печеньенің «артерияларды бітеп тастауы» мүмкін екені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген. Таратылып жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кондитерлік өнімдер, оның ішінде печенье, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында тек Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана айналымға жіберіледі, атап айтқанда:
• ТР ТС 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» — микробиологиялық, токсикологиялық және физика-химиялық көрсеткіштер бойынша;
• ТР ТС 022/2011 «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігіндегі талаптар» — өнімнің атауын, құрамын, тағамдық құндылығын, өндірілген жерін, өндіруші және шағымдарды қабылдайтын тарап туралы мәліметтерді, жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын көрсету бөлігінде.

2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жүргізілген бақылау мақсатындағы сатып алу аясында Oreo печеньесінің үлгілері зерттелді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгілердің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді.

Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерде жарияланған тексерілген ақпаратты басшылыққа алуға шақырады.
13 қаңтар 2026 ж. 257 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 168

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031