Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетикалық сусын құрамындағы кофеиннің шамадан тыс артуы анықталды

Энергетикалық сусын құрамындағы кофеиннің шамадан тыс артуы анықталды

Қазіргі уақытта дүкен сөрелерінде азық-түліктің сан алуан түрі ұсынылған. Бірақ барлығы бірдей қауіпсіз бола бермейді. Сапасы сын көтермейтін тауарлар да аз емес.
Бірінің өндіру технологиясы бұзылған, енді бірінің сақтау мерзімі өтіп кеткен. Денсаулыққа зиянды қоспалардан дайындалған өнімдер тағы бар. Тұтынушының салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі өнімдер қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстайды.

«Қызылорда облысында өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында бірінші жартыжылдықта өнімдердің 1111 сынамасы сатып алынды. Іріктеп алынған өнімдердің басым көпшілігі, яғни 72,3% – тағам өнімдері және 27,7% азық-түлік емес өнімдерінің үлесінде.

Жүргізілген сараптамалардың нәтижесі бойынша сатып алынған барлық өнімдердің 86 үлгісі техникалық регламенттер талаптарына сай келмеді. Атап айтқанда, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша-14, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша-6, таңбалануы бойынша-60 сәйкессіздік анықталды», – делінген санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан хабарламада.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша: ішек таяқшалары тобының бактериялары ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарынан анықталған. Санитариялық дәрігерлер ет өнімдерін тұтынар алдында мұқият тазалап, термиялық өңдеуден өткізуге кеңес береді.

Физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер кілегейлі майда, ультрапастерленген сүтте анықталды, яғни май қышқылдарының массалық үлесінің қосынды пайызы бойынша техникалық регламенттер талаптарына сай болмай шықты. Сондай-ақ газдалған энергетикалық сусын құрамындағы кофеин нормадан тыс екендігі анықталды. Бұдан басқа ет өнімдерінің жартылай фабрикаттарындағы ылғалдылық көрсеткіштері де шамадан тыс болып шықты.

Анықталған сәйкессіздіктердің көпшілігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген – 68 сәйкессіздік. Ал, қалған 18-і отандық өнімдердің үлесінде.

Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмеген өнімдер бойынша 31 сауда объектісіне бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамалар берілді. Тексерулер нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 2 объектіге жалпы соммасы 91890 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген жалпы құны 17290 теңгені құрайтын 8,62 кг тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталды.
27 шілде 2022 ж. 395 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 65

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 57

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930