Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетелге кету – арман ба, әлде амал ма?

Шетелге кету – арман ба, әлде амал ма?

Бүгінгі жастар – батыл, ізденімпаз, дамушы, шекарасыз ойлайтын ұрпақ. Олардың жақсы өмір, сапалы білім, әділ қоғамды қалайды. Алайда сол арманның кілтін өзге елден іздейтіндер көп. Әлеуметтік желіні ашсаң, «виза алдым», «жаңа елге келдім» деген жазбаларға көз сүрінеді. Кетіп жатқандар легі көбеюде. Себеп не? «Шетелге кету – арман ба, әлде амал ма?» деген көкейді кернейді.
XXI ғасыр – дамудың, өсудің кезеңі. Қазіргі жастар әлемді көргісі, еркін өмір сүргісі келеді. Басым көпшілігі бұл қадамға дамыған елдерде білім алу үшін, тәжірибе жинақтап, өзін дамыту үшін барады. Бұл құптарлық іс. Алайда шындықтың екінші жағы тағы бар. Бұл жайт, біріншіден, жастардың бір тобының елдегі мүмкіндіктерге аса сенім білдірмейтінін байқатады.
Мұхит асуды мүмкіндікке балағандардың пікірінен ұғынғанымыз – «Таныссыз адам өспейді», «еңбек тиісінше бағаланбайды», «әділдік жоқ» деген ойлар. Бұл енді өсіпк еле жатқан жастардың санасына теріс әсер етуде. Осындай ойлар жетегінде «бәлен жерде бақыр бар» деген ел ертеңдері өз еліңде «өгей болудан» шаршап, сыртқа бет түзейді. Әлеуметтанушы Мұхтар Ахмет: «Кейде шетелге кету – еркіндіктің емес, үмітсіздіктің белгісіндей көрінеді. Адам тек жақсы өмір іздеп кетпейді, кейде әділ өмір іздейді.
Шетел – сиқырлы ертегі емес. Әр елдің өз қиындығы бар. Қазір «елде қалсаң,артта қаласың» деген түсінік бірте-бірте белең алуда. Білгенге, елде қалып, дамуға үлес қосу-әлсіздік емес, керісінше, үлкен батылдық», – дейді.
Бастапқыда бәрі қызық: жаңа ел, жаңа адамдар, жаңа мүмкіндік. Адам тіл білмесе-бөгде, мәдениетін түсінбесе – жалғыз, ал туған жерін сағынса – әлсіз болады. Бұл психолог Майра Жантемірқызының пікірі.
Қазақстанда да білім алып, жетістікке жетіп жүрген жас кәсіпкерлер, ғалымдар, өнер адамдары бар. Олардың айырмашылығы-елге деген үлкен сенім мен табандылық. Елден кеткен әр талант – жоғалған мүмкіндік. Ал елде қалған әр адам – болашақтың діңгегі. Екеуінің арасындағы айырмашылық-сана мен жауапкершілікте.
Мәселені біржақты қарауға болмайды. Шет мемлекетке кеткен әр жас сатқын емес, елде қалған әр қазақ батыр емес. Мәселе қайда кеткенде емес, не үшін және қалай кеткенде. Әр қазақ шетелге білім мен тәжірибе жинап, кейін елдің дамуына үлес қосуды мақсат етсе –бұл ұлт үшін үлкен ұтыс. Ал егер туған жерінен түбегейлі бас тартып үміт үзіп, жауапкершілік алудан қашса – бұл қоғам үшін ұтылыстың үлкені.
Мемлекет тек географиялық аумақ емес. Туып-өскен азаматтың тілі, санасы, тамыры. Тамырынан мақсатсыз ажыраған ағаш көктей алмайды. Әрбір жас «қайда барсам?» деген сұрақтан бұрын, «қайда керекпін?» деген сауалды қоюы тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып отыр. Бұл жолда сәйкесінше қоғамның қозғаушы күші болған жас буынға аса назар аударылуы тиіс.
Жастарға тек талап қою аздық етеді, оларға сенім білдіру, мүмкіндік беру маңызды. Әділ орта қалыптаспай, еңбек пен білім лайықты түрде бағаланбай, жастардың елге деген туған жерге деген үмітін ояту қиын. Сондықтан бұл тек жастардың таңдауы ғана емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі екені анық.
Шетелге кету немесе елде қалу – жеке шешім. Туған елге қызмет ету тек бір жерде өмір сүрумен өлшенбейді, ол санада, ниетте, әрекетте көрініс табатын ұстаным. Өз елінің тағдырына бейжай қарамаған жас қана шын мәнінде кемел тұлғаға айналары анық. Сондықтан бүгінгі жас буын үшін ең маңыздысы-дайын өмірді іздеу емес, өз қолымен мәнді әрі сәнді болашақ құру. Елдің ертеңі жастардың қолында. Ал сол ертеңнің қандай болатыны бүгінгі таңдаудан басталады.
Мирамкүл ШАМШАЕВА
13 қаңтар 2026 ж. 140 0

Қар суынан тазартылуда

13 қаңтар 2026 ж. 134

Үш облыста жол жабылды

12 қаңтар 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031